ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ӘЛ – ФАРАБИДІҢ ТУҒАНЫНА 1150 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

20:27, 4 ақпан 2020

Биыл ұлы ойшыл, шығыстың Аристотелі атанған, ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл. Осыған орай, елімізде көптеген мерейтойлық іс-шараларды өткізу жоспарланған. Оған Қостанай өңірі де белсенді ат салысуда. Солардың бірі, облыс орталығында өткен онлайн-конференция.

Бір апта бұрын Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ресми түрде басталды. Еліміздің барлық өңірлерінде іс-шаралар тізбектеліп ұйымдастырылуда. Сол сияқты Қостанай өңірі де, шет қалып жатқан жоқ.Ұлы ойшылдың атындағы қазақ ұлттық университеті мен Байтұрсынов атындағы өңіріміздің жоғары оқу орыны өзара бейне-конференция өткізді.

Барлығымызға мәлім, әл-Фараби өмір сүрген уақыт айрықша кезең ретінде аталады. Ол жастайынан туған өлкесінде білім алып, Отырар кітапханасында отырып, шаң басқан қолжазбаларды ақтарып, оқу-білімге ерте құмартқан. Бұл зерттелген деректер. Бірақ,ғұлама ғалымның өмірі жайлы ашылмаған ақпарат әлі де бар. Сол себепті, екі өңірдің жоғары оқу орындары бір-бірімен ақпарат алмасып, болашақта бірлесіп жұмыс атқаруға ниетті.

Әл-Фараби адам баласының дүниетанымы жайлы тереңінен зерттеп-зерделеген ғұлама. Оның артында қалған мол мұрасы ешқашанда өзектілігін жоғалтпайды. Сондықтан осындай шаралар жастарға қажет. Себебі ұлы тұлғаларымызды ұмытпай, қастерлеу өскелең ұрпақтың міндеті. Сол себепті студенттер де іс-шараға шақыртылды.Ұйымдастырушылардың сөзіңше, осындай тағлымы мол шаралар әлі де жалғасын таппақ.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар