ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ Толығырақ

«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

20:48, 7 қараша 2019

«Екі жұлдыз». Қостанайда Мирас мәдениет үйінде ерекше вокалдық байқау өтті. Шараны Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана ұйымдастырды. Байқаудың негізгі мақсаты – жанарынан айрылған жандар арасында таланттыларды анықтау, олардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету.

Наталья Герохина ән айтуды бала кезінен ұнатады. Оның айтуынша әншілік өнермен оның мамандығының арасы жермен көктей. Әйтседе әнге деген махаббатым көптеген байқауға еріксіз жетелейді дейді ол.

Байқауға Қостанай және Рудный қалаларында тұрып жатқан көзінің көруі төмен жандар қатысты. Екі кезеңге бөлінген шарада жас айырмашылыққа шектеу болмады. Өздерінің бойындағы әншілік қабілетін көрсете алғандар екі кезеңнен өтіп финалдық концертте өнерлерін паш етті.

Өмірді өзінше танып, ішкі жан дүниесімен сезіне білген жандар өнер әлеміне деген құлшыныстарын тамаша әнмен жеткізіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Іс-шара соңында жас ерекшеліктеріне қарай әр санат бойынша жеңімпаз жұптар анықталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен диплом табысталды.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

Г. САРИНАНЫҢ «АБАЙДЫҢ ӘН ӘЛЕМІ» АТТЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
20:24, 17 ақпан 2020
Г. САРИНАНЫҢ «АБАЙДЫҢ ӘН ӘЛЕМІ» АТТЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Толығырақ...
«АРМАНДАСТАР» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
20:14, 13 ақпан 2020
«АРМАНДАСТАР» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕТЕЛ КӨЛІКТЕРІН УАҚЫТША ТІРКЕУ ЖАЛҒАСУДА
20:33, 12 ақпан 2020
ШЕТЕЛ КӨЛІКТЕРІН УАҚЫТША ТІРКЕУ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:46, 12 ақпан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...