ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

«ӘКЕ – АСҚАР ТАУ» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

21:05, 5 қыркүйек 2019

Ел бойынша аталып өтетін отабасы күні мерекесіне орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемесінде биыл осымен екінші рет облыстық әкелер фестивалі өтті. Әр шаңырақтың тірегі болған ер азаматтардың қоғамдағы рөлі айқындалған шуақты шараға тілшіміз куә болып қайтты.

Байқаудың басты мақсаты  отбасы құндылықтарын насихаттап, жанұядағы жан жылуы мен жағымды көріністерді өскелең ұрпаққа үлгі ету. Осы орайда әкелердің атқарар  рөлі орасан маңызға ие. Сондықтан, «Қоғамдық келісім» мекемесі өкілдері әкелер фестивалін дәстүрге айналдырмақ ниетте.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайысқа қатысуға ниет білдіргендер көп болған. Байқау шарты бойынша, әрбір қатысушы әлеуметтік желіде өзін-өзі таныстырып, дауыс жинады. 8 номинация бойынша үздіктер анықталып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Марат Исқақов «Ең үздік әке» деген номинация бойынша қатысты.Отыздың ортасына шыққан азамат 1 ұл, 1 қыз өсіріп отыр. «Жұмыстан келгеннен кейін, ұй шаруасын істеу мен үшін проблема емес» -дейді ол.

Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ деген аталы сөз бар қазақта. Аталмыш байқауда жеңімпаз болмады. Қатысушылар тек қана үздік аталымдар бойынша марапатталды. Әр бала үшін өз әкесі жеңімпаз.

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...