ШҰҒЫЛ! ОРМАН ӨРТІ ЖИІЛЕГЕН Толығырақ

«ЕКАТЕРИНБУРГ—ҚОСТАНАЙ. ТРАНЗИТ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

20:25, 2 тамыз 2019

«Екатеринбург—Қостанай. Транзит» . Облыстық көркем сурет галереясында Осындай тақрыппен ресейлік суретшілердің көрмесі өтті. Ұйымдастырушылар көрші елдің қылқалам шеберлері шығармаларының озық үлгілерін қостанайлықтардың назарына ұсынды. Жоғары көркемдік деңгейдегі орындалған өнер туындылары сан алуандылығымен ерекшеленді.

«Екатеринбург—Қостанай. Транзит»  көрмесінде ресейлік шеберлердің 50-ге жуық  кескіндемелік, графикалы жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды. Бейнелеу өнерінің талантты өкілдерінің туындылары бейнелілігі мен көркемдігі жағынан бір-бірінен кем түспеді. Суретшілер мен мүсіншілердің көрмеге қойылған туындылары үлкен форматтағы, көп фигуралы, композициялық құрылымы жағынан күрделі, тақырыптық трактовкасы мен түстік бояу шешімі жағынан саналуандығымен көпшілік қауымды таңқалдырды.

Көрме залында жылы атмосфера сезіліп тұрды. Тамаша туындылардың сұлулығын, идеясын сезіне, түсіне алған қостанайлық өнер сүйер қауымның жүректен шыққан жылы лебіздері авторларды бір марқайтып тастағаны айдан анық.

Суретшілер көрермендермен сөз арқылы емес, салған суреттері арқылы тілдеседі . Себебі, олар айтқысы келген ойын сызықтармен, түстермен кенеп бетіне айқын түсіреді. Өнерге жаны құмар әрбір адамның бұл көрмеден алары мол.

Тақырып бойынша материалдар

МҰРАҒАТТАР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЗЫНАСЫ
20:56, 22 тамыз 2019
МҰРАҒАТТАР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЗЫНАСЫ
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ V ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒАСУДА
20:57, 21 тамыз 2019
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ V ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒА...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
20:45, 20 тамыз 2019
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...