ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

Достықты дәріптеген дәстүрлі фестиваль

20:47, 10 қазан 2017

Халықтар достығын дәріптеген дәстүрлі фестиваль. Қостанайда осымен 21-ші рет украин ұлтының шығармашылық кеші өтті. Оған облыстың әр өңірінен аталған ұлт өкілдерінің өнерпаздары қатысты. Жоғары деңгейде өрбіген ұлттар арасындағы татулықты насихаттаған шара жайлы тілшіміз кеңінен баяндайды.

Украин ұлтының шығармашылық  фестивалін ұйымдастыру дәнді өлкеде бұлжымас дәстүрге айналған. Әдеттегідей, шараның басы арнайы көрмеден басталды. Мұнда, келушілердің назарына Украина халқының тәтті тағамдары, өз қолдарымен жасаған бұйымдары,  ұлттық киімдері жалпы, мәдениетінен сыр шертетін түрлі қызықты мәліметтер ұсынылды. Таран ауданынан «Селяночка» атты  ансамбль ұжымы аталған шараға арнайы келген.  Хордың құрамында 7-8 әнші  бар. Олар талай байқауларға қатысып, жүлделі оралып жүр. 

Фестивальдің мақсаты бауырлас халықтардың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, ынтымақтастықты кеңейту дейді ұйымдастырушылар. Жалпы, бүгінде Қазақстанда 500 мыңнан астам украиндық диаспора мекен етеді. Ал облыс аймағында 76 мыңнан астам украин ұлтының өкілі өмір сүреді.  Өңірде 1993 жылы  этно-мәдени бірлестігі құрылып, олар үшін салт-дәстүр, тіл мен дінді дамытуға бар жағдай жасалды.

Бұл күні украин бірлестігінің бірқатар мүшелері марапатталды. Қазақстан ұлттарының бірлігін нығайтуда, қосқан үлестері үшін.

Жасы 78 де болса да, Павел Щетинин  өзін сергек сезінеді.  Ол рудныйлық «Мрия» ансамблінің мүшесі. Жастайынан әнге әуес, бірлігімізді мығымдайтын осындай мерекелік іс шаралардан қалыс қалмауға тырысады.  

Өнер – ұлтқа бөлінбейді. Бұл жолғы басқосуда әр түрлі ұлт өкілдері, әсем әнді әуелетіп, тәтті күйді төкті. Жарасқан ұйымшылдықпен шараны жоғары деңгейде думандатты.

Тақырып бойынша материалдар

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ».  АУЫЛДА ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕТІН МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ
20:33, 10 шілде 2018
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ». АУЫЛДА ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕТІН МҰРАЖАЙ АШЫЛ...
Толығырақ...
«QAZAQSTAN» ЖӘНЕ «QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАЛАРЫ АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ДАЙЫНДАҒАН ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ
08:48, 4 шілде 2018
«QAZAQSTAN» ЖӘНЕ «QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАЛАРЫ АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН  АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
09:00, 11 шілде 2018
ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН АСТАН...
Толығырақ...
К. ӘБДІРАХМАНОВА  «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
09:26, 12 шілде 2018
К. ӘБДІРАХМАНОВА «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
Толығырақ...