ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН БИ БАЙҚАУЫ

20:25, 19 ақпан 2020

Қостанайдағы «Мирас» мәдениет сарайында аймақаралық «Тобыл толқындары» атты би ұжымдарының ашық байқауы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы - облыстық халық шығармашылығы орталығы. Өнер жарысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орайластырылып отыр.

«Тобыл толқындары» атты аймақаралық ашық би байқауында негізі 21 би ұжымы өзара бақ сынасуы керек болатын. Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты кей қатысушылар Қостанайға келе алмаған. Сондықтан, барлығы 11 ансамбль өнер көрсетті.

Би байқауы барлығы 2 кезеңнен тұрады. Бірінші айналымда өнер ұжымдары қазақ халқының ұлттық билерін орындаса, екінші айналымда өзге ұлт өкілдерінің хореографиясын көрермен назарына ұсынды. Мұндағы мақсат – өнер арқылы халықтар достығын дамыту, ішкі бірлікті нығайта түсу.

Жалпы, Қостанай өңірінде «Тобыл толқындары» би байқауы 2016- жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Кезекті мәрте жүзеге асырылып отырған жарыста қазылар алқасының шешімі бойынша, жүлделі орындарға іліккен би ұжымдары «Наурыз достарын шақырады» халықаралық байқауына жолдама алады.

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
20:09, 16 қыркүйек 2020
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
Толығырақ...
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...