ШҰҒЫЛ! Жемқорлық фактілері азайған Толығырақ

БИЫЛҒЫ «АЛТЫН МИКРОФОН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ЛИТВАЛЫҚ ӘНШІ!

16:57, 29 сәуір 2016

Қостанай жерінде екі күнге ұласқан халықаралық «Алтын микрофон» атты ән байқауының қорытындысы шығарылды. Дүбірлі додада биыл бас жүлдені Литвалық әнші жеңіп алды. Бес мемлекеттен жиналған 74 жезтаңдайдың ішінен суырылып алға шыққан гран-при иегерін айтулы жеңісімен біздің түсіру тобымыз да құттықтап қайтқан болатын.

  Қазақ елінде, Қостанай жерінде 14-ші рет жалауын желбіреткен халықаралық «Алтын микрофон» балалар байқауы биыл бұрынғыдан айрықша көрініс тапты. Екі күнге ұласқан күміс көмейлер аламанына бес мемлекеттен 74 өнерпаз атсалысты. Барлық қатысушылардың бабы келіскен, бәрінің де бас жүлдеден үміті зор. Ал жүлде қоры биыл бұрынғымен салыстырғанда арта түскен. Ең үздік орындаушы өз Отанына үш жүз мың теңгені қанжығалап қайтпақ.

  Бірінен-бірі өткен балғындар бәйгесінің қорытындысын шығару қазылар алқасына зор қиындық тудырды. Әрбір әнші өзіндік ерекшелігімен басым. Бірінде жоқ өзгешелік екіншісінен табылып жатса, келесі қатысушының келісті қасиеті жүлделі орынды бөліп беруді талап етеді. Бір сөзбен айтсақ, шешім шығару оңайға соқпады. Себебі, биылғы ән байқауының деңгейі де, қатысушылардың шеберлігі де жылдағыдан жоғары болды дейді қазылар алқасының төрағасы.

  Үш топтың үздіктерін анықтаған аламанда қанжығасы майланбаған қатысушы қалмады. Барлық үміткерлер ұйымдастырушылар атынан сый-ситяпатқа ие болды. Бірақ, бәйге болған соң, алдына жан салмаған жүйрікті анықтау шарт. Биылғы байқаудың бас жүлдесі бұл жолы литвалық Линда Каролинаға бұйырды.

  Міне, мәресіне жеткен жезтаңдайлар жарысының нәтижесі осындай. Әлемге әйгілі ән байқауы әлі талай тың таланттарды танытады. Әншілердің әліппесіне айналған «Алтын микрофон» байқауының басты мақсаты да - осы. Ендеше, ендігі жылғы сайыста еліміздің абыройын асқақ еткің келсе, шеберлігіңді осы бастан шыңда, өнерпаз!!!

Тақырып бойынша материалдар

Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатылады
18:21, 9 тамыз 2017
Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатылады
Толығырақ...
"Өрмекші адам. Қайта оралу" фильмі қазақ тілінде тамашаланды
13:32, 12 шілде 2017
"Өрмекші адам. Қайта оралу" фильмі қазақ тілінде тамашаланды
Толығырақ...
Амангелді ауданы. «Мен қазақпын» - төл өнерді төрге шығарды
16:03, 9 маусым 2017
Амангелді ауданы. «Мен қазақпын» - төл өнерді төрге шығарды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі  (толық нұсқа)
18:06, 18 қыркүйек 2017
Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі (толық нұсқа)
Толығырақ...
«Ұлы даланың ұлы тұлғасы» конференциясы
15:27, 15 қыркүйек 2017
«Ұлы даланың ұлы тұлғасы» конференциясы
Толығырақ...