ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

БИЫЛ Б.ІЛИЯСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 80 ЖЫЛ

20:45, 7 қараша 2019

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде келелі кездесу көрініс тапты. Бұл жолғы басқосу біздің өңірдің біртуар азаматтарының бірі, белгілі ақын, Қазақстан Республикасының Журналистер және жазушылар одағының мүшесі Байтұрсын Ілиястың 80 жылдық мерейтойына арналды. Қаламгердің құрметіне орай ұйымдастырылған жиынға аймақ ақын-жазушылары, мұғалімдер және студенттер қатысты.

Бүгінде Байтұрсын Ілиясты білмейтін кісі кемде-кем. Ел азматтарының алдында журналист ретінде сақталып қалса, ал жерлестері ағамызды атақты «Ахметтанушы» деп құрметтейді. Қай қырынан алып қарасаң да қаламгер кез келген құрмет-қошеметке лайық. Жазушылық қабілетінен бөлек Байтұрсын ағамыздың жаңалық ашуға жаны құмар еді. Ұлт көсемі Ахмет Байтұсынұлы хақында жазған еңбектері ерекше құнды дейді ахметтанушы Ибрагим Ағытаев.

Тобыл топырағының тұлғаларын зерттеп-білуде Байтұрсын Ілиястың ілкімді істер атқарғаны белгілі. Алайда, ағамыздың журналистика саласында да салмақты орны бар. Ол өз материалдарын жұрт қызығып оқитындай етіп жазатын. Шығармашылық шеберлігінде шек жоқ еді дейді Серікбай Оспанов.

Биыл Байтұрсын Ілияс ағамыздың туғанына 80 жыл. Ахмет атындағы университет қабырғасында өрбіген тағлымы мол жиын мейрейтойдың бастамасы ғана. Алдағы уақытта ардақты азаматтың 80 жылдығына орай облыс көлемінде бірнеше ауқымды іс-шаралар жоспарланған.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

«КАЗБАТ» ФИЛЬМІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТПАҚ
20:53, 11 қараша 2019
«КАЗБАТ» ФИЛЬМІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...