ШҰҒЫЛ! ҰРЫ БАНКИР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

БІР МЕЗЕТТЕ 1000 ДОМБЫРАШЫ КҮЙ ОРЫНДАДЫ

20:57, 5 шілде 2019

Ұлттық домбыра күні ұлықталған күн. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланған болатын. Руханиятымызға қосар үлесі салмақты болар бұл мерекені Тобыл-Торғай жұртшылығы асқақ сезіммен, сән-салтанатпен атап өтті.

Әрбір қазақ үшін киелі домбыра - ұлтымыздың символы. Қазақ күйі адам жанын тебірентеді, керемет сезімге бөлейді. Көпшелілер заманында да солай болған, бүгін де солай. Қай заман болса да, домбыра қазақ халқының жүрегінде. 

Ұлттық домбыра күнінің басты жаңалығы - ауданда тұңғыш рет 1000 домбырашының қатысуымен күй ойналды. Бұл бастаманы аудан әкімі Әмірхан Асанов көтерген. Домбырашылар бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» және «Келіншек» күйлерін орындады. Домбырашылар ауданның әр ауылынан келген.

Екінші орындалған күй,  Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауыны».

Домбыра бар жерде қазақ халқының тiлi, өнері қашанда тірі. Сондықтан ұлттық аспаптың түп-тамырын ұмытпау, дәріптеу, қастерлеу – әр қазақтың парызы.

Домбыраның қос ішегі мен көмейінен халықтың қуанышы мен қайғысы, арман–мүддесі, тарихы күй болып төгіледі. Сол себепті домбыра – қазақтың үні. Сол себепті, еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қатысушылардың арасында болуы қазақ үшінтаңғаларлық көрініс емес.

Қара домбыраның құдіреті кез келген халықты, ұлтты таң қалдырып, таңырқата білген. Қазір ұлттық аспап өзге де музыкалық аспаптармен де үйлесім тауып жүр.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗБАТ» ФИЛЬМІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ
20:52, 21 қараша 2019
«ҚАЗБАТ» ФИЛЬМІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ
Толығырақ...
«ТРИУМФ» ТҰҒЫРЫНДА: ОЗАТ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
20:41, 20 қараша 2019
«ТРИУМФ» ТҰҒЫРЫНДА: ОЗАТ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
20:42, 18 қараша 2019
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
20:47, 19 қараша 2019
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
Толығырақ...