ШҰҒЫЛ! АҚПАННАН БАСТАП ЖАРЫҚ ҚҰНЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ Толығырақ

БЕЙІМБЕТ МҰРАСЫ – ДӘУІР ШЕЖІРЕСІ

20:55, 4 желтоқсан 2019

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Филология департаменті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы аясында «Бейімбет мұрасы – дәуір шежіресі» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өткізілді. Көркемсөз оқу байқауы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Биылғы шараның жылдағыдан ерекшелігі бар. Қазақтың көрнекті жазушысы, әңгіме жанрының хас шебері, ақын Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай, қатысушылар Би-ағаның шығармалары бойынша бақ сынасты.

Бейімбет Майлин поэзия, проза мен драма саласында бірдей өнімді еңбек етті. Жазушы Сәбит Мұқанов та Майлиннің бірнеше шығарманы қатар жаза алатынын ерекше атап өткен. Ол бір драманы жазып жатса, қолы босағанда бастап кеткен романын да жалғастыра беретін. Арасында әңгімелерін жазып тұрды. Өзі істеген газеттерге мақалаларын да басып отырды. Ал поэзиялық шығармаларында жазушы "Мырқымбай" деген кейіпкері арқылы сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.

Байқауға қатысушы студенттер екі номинация бойынша өзара өнер жарыстырып, күш сынасады. Поэзия номинациясы бойынша 1-3 курс студенттері арасынан 10 студент іріктеліп шешуші кезеңге өткен болатын. Қатысушылар  Бейімбет Майлин өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуы тиіс. Әділ қазы алқалары дауыс мәнері мен көркемдік шеберліктері бойынша бағалап, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтамақ. Ал, проза бөлімінде әр курстың студенттері Б.Майлин прозалары бойынша сахналық қойылым көрсетуі шарт. Әділқазы алқалары бұл бөлімде 1-3 курс студенттерін жалпы бағалап, үздік шыққан қойылымды анықтайды.

Бейімбет Майлиннің шығармашылығын насихаттауға бағытталған танымды іс-шара өз деңгейінде өткізілді десек, артық айтқандық болмас. Бейімбеттің шығармалары тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады, дейді қатысушылар.  

 

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕМЬЕРА. АДАЛДЫҚ ПЕН АЗҒЫНДЫҚ КҮРЕСІ
20:51, 27 қаңтар 2020
ПРЕМЬЕРА. АДАЛДЫҚ ПЕН АЗҒЫНДЫҚ КҮРЕСІ
Толығырақ...
МӘСКЕУДЕ ӨТЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСАДЫ
20:21, 23 қаңтар 2020
МӘСКЕУДЕ ӨТЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

12 ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
20:10, 23 қаңтар 2020
12 ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ
20:35, 22 қаңтар 2020
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ
Толығырақ...