ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ЖАТҚА АЙТУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

20:16, 3 наурыз 2020

Жадымыздан өшпесе де, жас ұрпақтан жырақтап бара жатқан эпостық жырлар ортамызға қайта оралуда. Ұлттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі батырлар жайлы жыр-дастандарда жатыр. Осы мақсатта ел көлемінде батырлар жырын мәнерлеп, жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған!» әдеби байқауы өтуде. Жарыстың аудандық кезеңінен сүрінбей өткен өңір өрендері сайыстың облыстық айналымында өнер көрсетті.

«Тұлпар мініп, ту алған» әдеби және тарихи танымдық байқауы республикалық маңызға ие болып отыр. Ықылым заманнан бері келе жатқан жыршылық дәстүрді қайта жандандыруға бағытталған шараның мақсаты - жастардың жадында батырлар жырын жаңғырту және жас санаға ұлттық тәлім-тәрбиенің негізін қалыптастырып, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру. «Qazaq epos» жобасының көздегені осы.

Байқауда бақ сынамаққа келген 20 оқушы бұл кезеңге ерекше дайындалғандарын айтады. Өз оқушыларының оза шауып, бәйге алуына мектепте мұғалімдер ғана емес, үйде ата-аналарының да жәрдемдескенін еш жасырмайды қатысушылар. Байқауда бағы жанып, бас жүлде қанжығалап жатса, жеңімпазға берілер қаржылай сыйды қайда жұмсайтындын жеткізіп жатқан қатысушылар да кездесті.    

Қобыланды батыр» жыры секілді ұлттық әдебиеттің жауһар қазынасын бойына сіңіріп өскен өрендердің елжанды тұлға болып қалыптасары анық. Сонымен қатар, лиро-эпостық туындыларды оқу арқылы шәкірттердің тілдік қоры молайып, көркем ойлау мен есте сақтау қабілеті арта түспек, - дейді байқауға бастамашы болған білім басқармасының өкілдері.

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...