ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

АЗИЯ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ

20:31, 4 қыркүйек 2019

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының азиялық баламасы пайда болуы мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шығармашылығымен дараланған ақын-жазушыларға «Азия алыбы» атты марапатты ұсыну туралы бастама көтерді. Бұл туралы ол бүгін сары құрлықтың ойы терең, ең белді деген қаламгерлері бас қосқан жиында айтты. Бұл іс-шараның өзі азияның әдеби ортасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Қаламгерлер қауымы әдетте бірін-бірі мойындамайды, қызғанышпен қарайды деген әзіл-шыны аралас сөз бар. Алайда бүгін олар зор қуанышпен қауышып, іс-шара басталмай тұрып бір-біріне арнаған өлеңдерін оқып беріп жатты.

Әдебиетшілермен арнайы кездесуге келген мемлекет басшысы сөз басын қазақ қаламгерлері үшін қуанышты жаңалықтан бастады.

Иә бұл ел билігінің ұлттық руханият саласында тер төгіп жүрген азаматтарға деген қолдауының бір үлгісі. Еңбегімен көзге түскендерге біздің елде түрлі марапаттар жетерлік. Президент енді сары құрлық деңгейінде осындай сыйлық тағайындау қажеттігін айтты. Әрине шығармашылық қауымы үшін бұл да шабыт сыйлап, жаңа жаухар туындыларды дүниеге әкелуіне сеп болары анық.

Тұтас Азия құрлығындағы ақын-жазушылардың Ұлы Абайдың мерейтойы қарсаңында біздің елде басқосуы да ерекше символикалық мәнге ие. Түптамыры Күлтегін мен Тоныкөктен басталған әдебиетіміз ұлы хәкім тұсында өз биігіне көтерілген болатын.

Жазушылар бас қосқан кезде қашан да ел болашағы, адамзаттың ынтымағы мен берекесі, рухани құндылықтар сынды тақырыптар әңгіме арқауына айналары сөзсіз. Бүгінгі жиында да қоғамның қазіргі келбеті мен ертеңгі асулары талқыланды.

Қаламгерлер жиынына сары құрлықтың әр елінен 300-ден астам мейман келген. Олардың арасында Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN сыйлықтарының лауреаттары бар. Іс-шара 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Ертең белді жазушылардың шеберлік сыныптары өтеді және Абай көшесінің бойында қаламгерлер аллеясы ашылады деп жоспарланған.

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар