ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

АУЫЛ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

21:01, 14 қазан 2019

Қарабалық ауданының тұрғындары мен қонақтары «Ауыл күнін» атап өтті. Былтыр бұл ауданның құрылғанына 90 жыл толған еді. Оны жергілікті жұрт кең көлемде мерекелеген болатын. Бұл жолы да теріскей өңір тұрғындарының ауыл тойына барынша әзірленгені байқалады.

90 жылдық тарихы бар өлкедегі той тарихи тұлғаға тағзым ету рәсімінен басталды. Аудан орталығындағы бұрынғы қаржы басқармасы болған екі қабатты үйге Ұлы Отан соғысының ардагері, Қарабалық ауданында отыз жылдан артық қаржы саласында қызмет істеген Асылбек Темірхановқа ескерткіш-тақта орнатылды.

Салтанатты рәсімге аудан басшылары, қонақтар мен ауыл тұрғындары қатысты. Жиналғандар алдында сөз алған аудан әкімі Нұржан Өтегенов ел ардақтысына жасалып отырған құрметтің әбден орынды екенін атап өтті.

Бұдан соң аудан мерейтойы орталық алаңда жалғасты. Онда əр мекеме мен көше тұрғындары қолдарына түрлі транспоранттар мен Қарабалық өңірінен шыққан атақты азаматтардың портреттерін, əр түрлі безендірілген атрибуттар ұстап алаңнан шерулетіп жүріп өтті. Жиналғандарды аудан басшысы құттықтап, өңірдің арғы-бергі тарихы мен қол жеткізген табыстарына тоқталды.

Орталық алаңдағы көріністер концерттік бағдарламамен шектелмеді. Жергілікті  жұрт меймандарды аудан өмірімен жақын таныстыру мақсатында тарихи және мәдени мазмұнда көрме көрме ұйымдастырды. Ол үшін арнайы бірнеше киіз үй де тігіліп қойған.

Мереке одан әрі ұлттық ойындармен жалғасты. Балуандар боз кілем үстінде белдессе, шабандоздар даланың шаңын шығарып, баптаған сәйгүліктерінің бағын сынады. Ауыл күнін ауқымды түрде атап өту мақсатында жергілікті денешынықтыру және спорт бөлімінің мамандары топ бәйге және құнан бәйге ұйымдастырды.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...