ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ

20:56, 17 наурыз 2020

«Жесең - ас, мінсең - көлік, кисең – киім». Қамбат ата түлігін халқымыз осылайша әспеттеген. «Бабаларымыз Ұлы дала төсінде жылқыны алғаш қолға үйретіп, атқа міну мәдениетін қалыптастырды. Осылайша өркениетке өз үлесін қосты. Бұл туралы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында кеңінен баяндалды. Тілшіміз Бауыржан Қасымқан ұлыстың ұлы күнінің қарсаңында, жылқы түлігінің қасиеттеріне шолу жасаған еді.

Қолына қыран құс алып, ит ертіп, атқа мінген ер жігіт – Орталық Азия нышандарының бірі. Жергілікті көшпенділердің жылқыны ертеде қолға үйреткені тарихи деректермен дәлелденген. Қазақ – «тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы» деп өскен ел. Қазанат мәдениет пен өнерінің ажырамас тұтас бір бөлігіне айналып кеткен.

Атқа міну мәдениетін игерген соң, ат үстіндегі өркениет те дами бастады, біртіндеп. Мәселен, қазіргі киім үлгілері де дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті жауынгерлердің ықшам киім үлгісінің пайда болуына септесті. Осылайша, кәдімгі, бүгінгі  сіз бен біз киіп жүрген шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды.  

Жылқы терапиясының пайдасы медицинада да бар. Ежелгі дәуірлерден-ақ Қамбар ата төлінің қасиеті мен киесін иісі қазақ білген. Соңдықтан да жылқыны қазақтың жаны, сұлулық пен тектіліктің символы ретінде көреміз. Хош, әлемдік медицинада ипотерапияның алғашқы тұжырымдамасы Гиппократтың да еңбектерінде кездеседі.

Қазақтың ас пен той, мерекесінің де жылқы. Бәйге, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу – ұлы дала ұландарының сүйікті ойыны. Жүйрік атты мінген тақтан артық көрген халқымыз, ат спортын заманға сай дамытып келеді. Жылқының жалында жетілген жұртымыз аттан түспесін деп тілейік.

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...