ШҰҒЫЛ! «ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ: 31 АДАМ ШАҒЫН НЕСИЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ASTANA MEDIA WEEK

20:44, 11 қыркүйек 2019

Биыл Қазақстанда түсірілген 43 телесериал көрермендерге жол тартады. Бұл туралы Астана медиа Уикке қатысқан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Киноөнімдерді түсіру көрсеткіші 2016 жылдан бері 3 есеге өскен. Медиа апталыққа 50-ден астам продакшн компания, ақпарат саласында жүрген танымал тұлғалар шет елдерден келген қонақтар қатысып жатыр.

Білікті мамандар ақпарат жинау және тарату, көрермендердің сұранысын қанағаттандыру, режиссерлік көзқарас секілді түрлі бағытта тәжірибелерімен бөлісіп, семинар-тренингтер өткізді.

Шет елдерден келген мамандар қазақстандағы телевизиялық нарықты зерттеп, медиа саласын дамыту үшін қай бағытта жұмыс істеу керектігі туралы ұсыныстарын да білдірді.

Шараның алғашқы күні телесериалдар мен киноөнімдердің бүгіні мен ертеңіне, саладағы шешімін таппаған мәселелерге арналды. Әсіресе отандық өнімдерді шет елдерге сату, нарықты кеңейту жайы көтерілді. Әзірге өз өнімін шекара асырып жатқан ең ірі компания Қазақстан республикалық телерадио корпорациясы.

Астана медиа апталығы 3 күнге жалғасады. Жоспар бойынша ертеңнен бастап, медиа саласындағы өзекті тақырыптар, жобаларды қаржылай қолдау, салық салу сияқты мәселелер көтеріледі.
 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
21:02, 11 қыркүйек 2019
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
20:59, 12 қыркүйек 2019
ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
Толығырақ...
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
21:02, 11 қыркүйек 2019
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Толығырақ...