ШҰҒЫЛ! Жемқорлық фактілері азайған Толығырақ

Астана күнін тойлау ту көтеруден басталды

16:02, 5 шілде 2016

Жылда ел болып күтетін сүйікті Астананың туған күніне де санаулы күндер қалды. Мемлекеттік рәсім, ойын-сауық, думанды кештер жер-жерде басталып та кетті. Елорданың тойы жыл сайын ту көтеруден басталады. Биыл да мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ең үлкен мемлекеттік туды көтеру салтанатына қатысып, тойдың ресми басталғанын жариялады.

Сымдай тартылған әскерилер, алқалаған қауым!  Бас қаланың басты мерекесі осылай басталды.    

Астананың тойы жыл сайын ту көтеруден басталады. Биыл да бұл үрдіс үзілген жоқ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» мемориалдық кешеніндегі еліміздегі ең үлкен мемлекеттік туды көтеру салтанатына қатысып, тойдың басталғанын жариялады.  Сөйтіп Астананың аспанында көк байрақ  - көкке самғады, әнұран аспанда қалықтады.  «Арнайы ту көтеру салты айрықша мәні бар оқиға, айшықтай түсетін маңызды рәсіміміз» деді Мемлекеттің басшысы.

Мемлекеттің мемлекеттілігінің маңызды белгісі байрақты көкке көтерген соң, кезек әскерилерге өтті. Нұрсұлтан Назарбаев жас сарбаздарға салтанатты түрде шен берді.

18 жыл. Астана өсті, өркендеді, көркейді, көбейді. Бүгін, Қазақстың бас қаласының миллионыншы тұрғыны өмірге келді.

Офицерлік пагон алған жастар өз қатарынан озық шыққан үздіктер. Олар: қорғаныс, шекара, ұлттық қауіпсіздік, ұлттық ұлан және төтенше жағдай министрлігіне қарайтын оқу орындарының түлектері.

Президент қазіргі бейбіт күннің қадірін білуге, құрметтеуге шақырды. Деседе, ел басына күн туса, атқа қонар ер әзір болуы шарт. Көк байрақты желбіреткен көңілді жұртпен Елбасы арнайы барып амандасты, бірін-бірі құттықтап, қолпаштап жатқан көпшілік мәре-сәре, себебі Астана тойы- тұтас Қазақстанның тойы.

Тақырып бойынша материалдар

Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатылады
18:21, 9 тамыз 2017
Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатылады
Толығырақ...
"Өрмекші адам. Қайта оралу" фильмі қазақ тілінде тамашаланды
13:32, 12 шілде 2017
"Өрмекші адам. Қайта оралу" фильмі қазақ тілінде тамашаланды
Толығырақ...
Амангелді ауданы. «Мен қазақпын» - төл өнерді төрге шығарды
16:03, 9 маусым 2017
Амангелді ауданы. «Мен қазақпын» - төл өнерді төрге шығарды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі  (толық нұсқа)
18:06, 18 қыркүйек 2017
Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі (толық нұсқа)
Толығырақ...
«Ұлы даланың ұлы тұлғасы» конференциясы
15:27, 15 қыркүйек 2017
«Ұлы даланың ұлы тұлғасы» конференциясы
Толығырақ...