ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

А.ШАЯХМЕТТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

12:28, 28 желтоқсан 2018

Қостанайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Махмұд Қашқари атындағы Халықаралық сыйлықтың және халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, мемлекеттік «Құрмет» орденінің иегері, «Алтын қалам» жүлдесінің жеңімпазы Ақылбек Шаяхметтің шығармашылық кеші болып өтті. Қаламгерді құттықтау үшін кешке арнайы ақынның достары, танымал тұлғалар келіп ізгі тілектерін білдірді.

Ақын, жазушы, публицист Ақылбек Шаяхметтің есімі республикаға  мәлім. Мемлекеттік баспалардан жарық көрген 40-тан астам кітаптың авторы кезекті рет оқырмандарын өз төңірегіне ұйытты. Шығармашылық кешке арнайы келген зиялы қауым өкілдері қаламгердің қазақ әдебиетіне қосқан үлесін тілге тиек етіп, ақындық өнерін жоғары бағалады.

Кездесуге келгендер фойеде безендірілген «Кәусар сөз зергері»  көрмесін асқан қызығушылықпен тамашалады. Көрмеге түрлі марапаттар,  дипломдар мен грамоталар, автордың кітаптары, мерзімді басылымдар, мерейтой иесі жайындағы материалдар қойылды. 

Ақынның Шоқан, Ыбырай жайлы жазған және өзге де тақырыптар арқау болған пьесалары оны драматургтық қырынан елге танытты. Балалар әдебиетінде де айшықты қолтаңбасы бар. Ал өлеңдері республикалық сахналарда ұдайы шырқалып жүр.

Кештің соңында ақын өзінің шығармашылығынан орыс және қазақ тілдерінде өлеңдерін оқып, келген қонақтарға алғысын айтты. Жиналған жұртшылық рухани азықпен сусындап, мерекелік кештен риза болып тарқасты.

 

Даниел Сейфоллаұлы

Тақырып бойынша материалдар

АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
20:56, 18 наурыз 2019
АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...
"ӘЛЕМ ТАЛАНТ STARS": ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
18:06, 13 наурыз 2019
"ӘЛЕМ ТАЛАНТ STARS": ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар