ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

«АРМАНДАСТАР» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

20:14, 13 ақпан 2020

Қостанайда «Армандастар» шығармашылық фестивалі өтті. Дәстүрге айналған іс-шараға қатысушылар қатары көбейген. Биыл өнер байқауында он ұжым бақ сынады. Балғын бишілердің жарысын тамашалап қайтқан тілшіміз баяндайды.

Облыстың барлық аймағынан жиналған мектеп оқушыларынан құралған өнер ұжымдарының бәрі байқауға тыңғылықты дайындалған.  «Мереке» би тобы Амангелді ауданынан келген.  Талай рет республикалық деңгейдегі додаларда көрермен қошеметіне ие болып, жүлделі орындарды алып жүр. Бұл жолы қазақтың ұлттық биі мен «Уайлд дэнс» деп танылған шетелдік би түрін ұсынды. 

Фестивальдің екінші кезеңі – театрландырылған көрініс  байқауы.  Федоров ауданынан келген  «Арлекино» ұжымының құрылғанына алтыншы жыл. Осындай ауқымы кең жарыстарға олар жиі қатысып тұрады. Көбіне қойылымдары еліміздің тарихына арналады.

Дәстүрге айналған бұл сайыс осымен 11-ші рет өтуде. Жылдан-жылға қатысушылар қатары да артуда, дейді ұйымдастырушылар. Айта кету керек, биылғы байқау Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналды.

Фестивальге барлығы аудан, қалалардан  10 театр, 19 хореографиялық топ қатысты. Үздік деп танылғандар түрлі аталым бойынша дипломдармен марапатталды. 

 

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...