ШҰҒЫЛ! ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

АРҚАЛЫҚ ТЕАТРЫНЫҢ ГАСТРОЛЬДІК САПАРЫ

20:52, 10 сәуір 2018

Арқалық қазақ жасөспірімдер театры - Қостанайда. Шағын шаһардан келген өнер ұжымы жергілікті көрерменді өз қойылымдарымен қуантуда. Екі күндік гастрольдік сапар аясында меймандар мектептер мен балабақшаларда ертегі сахналаса, Ілияс Омаров атындағы қарашаңырақ қабырғасында драмалар ұсынды. Арқалық әртістері тарту еткен «Қанды азу» және «Алтын сақина» атты қос қойылымның кейінгісіне тілшіміз куә болды

Қос театр арасындағы әріптестік байланыс - бұрыннан қалыптасқан үлгілі үрдіс. Елімізге танымал өнер ордасына келіп қойылым сахналау, жергілікті көрерменнің патша көңілінен шығу - біздің биылғы жылға жоспарлаған гастрольдік сапарымыздың тек басы ғана, дейді әртістер қауымын бастап келген Арқалық жасөспірімдер театрының жетекшісі.

Өнерде шекара жоқ деп бекер айтылмаған. Шығармашылық қай жерде болса да өз құдіретіне бас игізеді. Әсіресе, әртістер қауымы қашанда көрерменін табады. Сол себепті, біздер сахна десе барымызды салуға дайынбыз. Өйткені, өнер өміріміздің мәніне айналды  деген ой білдірді дарындылығының арқасында дараланған Арқалық театрының актрисасы.

Гастрольдік сапарларының алғашқы күнінде «Алтын сақина» атты драма ұсынған Арқалық театры қостанайлықтардың жоғары бағасына ие болды. Тап осы туындыны  тегін таңдамағандарын айтады әртістер. Бұл қойылымда қоғамда көрініс тауып жатқан оқиғалар сахналанған. Жанұя мәселесі көтерілген. Әр актер өзіне тиесілі рөлді шебер сомдай білді.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫС ЕТТІ
20:30, 12 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫС ЕТТІ
Толығырақ...
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:53, 9 желтоқсан 2019
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ
20:46, 10 желтоқсан 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ
Толығырақ...