ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АРДАГЕРЛЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ФЕСТИВАЛІ

21:07, 3 қазан 2019

«Алтын күз». Осындай тақырыппен облысымызда қарттар мен ардагерлер шығармашылығының бірінші қалалық фестивалі өтті. Шарада «Ақ дариға», «Ивушка», «Руссская песня», «Костанайские зори» хорлары және танымал ансамбльдер өнер көрсетті. Алғаш рет ұйымдастырып отырған фестивальде әділ қазы алқалары қатысушыларға өз бағасын беріп, қаржылай сыйлықтармен марапаттады.

Алты немере бір шөбересі бар Ғайни әже «Ақ дариға» хорының мүшесі. Зейнеткер немере тәрбиесінен бөлек облыс көлемінде болатын іс-шараларға да қатысып тұрады. 25 жылдық тарихы бар халық хорына қосқан үлесінен бөлек, 35 жыл ұстаздық қызмет атқарған.

Фестиваль Қазақстан коммунистік халық партиясы Қостанай филиалының ұйымдастыруымен өтті. Шара барысында арнайы әділқазы алқалары тағайындалып ең үздік топтарды сыйлықтармен марапаттады.

Өнерпаздар орындаған халық әндерін көрермен қауымы тамсана тыңдады. Сахнада хор солистері мен вокалды топтардан бөлек, мәнерлеп өлеңдер де оқылды. Фестиваль алғашқы рет өтсе де қатысушылар мен көрермендердің санына қарап көптің көңілінен шыға білді деуге болады.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...