ШҰҒЫЛ! ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

«АЛТЫНАЙ» ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

20:21, 16 шілде 2019

Қостанай облысының ғана емес, Қазақстанның абыройын асқақтатқан «Алтынай» би ансамблі тағы бір тартыста топ жарды. Өнерлі өрендерден құралған шығармашылық топ Ресейдің Сочи қаласында өткен өнер бәсекесінде гран-при иеленіп, елге жеңіспен оралды.

Биыл хореографиялық ансамбльдің құрылғанына 16 жыл толды. Аз жыл ішінде шыққан биігі тамсантпай қоймайды. Қазіргі таңда ансамбль репертуарында 50-ден астам билер мен би қойылымдары бар. Алғаш өнерге қадам басқан жылдары ұжымда 15 бала ғана болды, қазір олардың саны 200-ден асып жығылады. Ал ансамбльдің бүгінгі күні қол жеткізген биіктеріне Салтанат Нұрымованың еңбегі зор.

:«Я могу» атты халықаралық байқауда Ресейдің 16 қаласынан қатысушылар өз бақтарын сынады. Шет елден тек , қазақстандық би ұжымы қатысты. Батыстық үлгідегі би қимылдарына көз үйретіп алған көрермендер қазақстандық ансамбльдің өнерін ыстық ықыласпен қабылдағандығын айтады ұжым мүшесі.

Табандылық танытып, үнемі дайындалумен болған дәнді өлке бишілерінің еңбегі еш, төккен терлері тек кетпеді түптің түбінде. Аз уақытта бір емес, бірнеше би қойылымдарын жаттап алу жас өнерпаздар үшін жеңіл жұмыс емес. Алайда, олар өздерін емес, ел абыройын ойлады. Намысты қолдан бермеген нағыз патриоттар небары төрт би орындау арқылы төрткүл дүниені тәнті етті. Осылайша, өңір өрендерінен құралған  «Алтынай» би ансамблі  Қазақстанымыздың атын кезекті рет шет елге танытты.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫС ЕТТІ
20:30, 12 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫС ЕТТІ
Толығырақ...
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:53, 9 желтоқсан 2019
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ
20:46, 10 желтоқсан 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ
Толығырақ...