ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

«АЛТЫН МИКРОФОН» МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

20:40, 22 сәуір 2019

Еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын елдерден келген жеткіншек күміс көмей әншілердің басын құрап, мықтысын анықтаған «Алтын микрофон» ән-байқауы жеңімпазын анықтады. Үш күнге созылған фестиваль нәтижесі бойынша гран-приді қостанайлық Ясмин Ибраева иемденді. Байқау соңы гала-концертке ұласты.

Қазылар алқасына ең үздігін айқындау оңайға соққан жоқ. Өз әншілерімізбен қатар шет елдіктер де өздерінің жезтаңдайларын алып келген. Себебі «Алтын микрофон» байқауы мемлекетіміздің төңірегінен де тыс аймақтарда үлкен беделге ие. Биыл он жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған қатысуға  7 мемлекеттен 100 - ден астам үміткер ниет білдіріпті. Күміс көмейлер байқауының жеңімпаздарын облыс әкімінің орынбасары  құттықтады.

Иа, шынымен де қазылар алқасының құрамы өнер саласының майталмандарынан жасақталған. «Алтын микрофон» байқауы Еуразия төңірегінде өтетін өнер сайыстарының беделділерінің бірі. Бұл шет елдерден келген қонақтардың пікірі.

Қазылар алқасы қатысушыларды бағалап қана отырған жоқ. Сондай-ақ, өздері де сахнаға шығып, әлемге атақты әндерді орындады.Италиядан келген Микеле Помо әйгілі  Besame Mucho -ны шырқап, жиналған қауымды ерекше әсерге бөледі.

Ақтық сынға өтіп, жеңімпаз атанғандарға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ал, бас жүлде  облысымыздың атынан шыққан Ясмин Ибраеваға бұйырды.  Бағы жанған кішкентай өнерпаз сахна төрінде кәсіби өнер көрсетті.

Осылайша 17-ші «Алтын Микрофон» байқауы өзінің тағы бір жеңімпазын анықтады. Ұйымдастырушылар енді келер жылғы байқаудан кезекті жаңа жұлдыз күтетіндерін айтты.

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
20:09, 16 қыркүйек 2020
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
Толығырақ...