ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Толығырақ

«Алдамжар оқулары»: Сапалы білім - білікті маман

20:39, 6 желтоқсан 2017

Адал еңбекті, сапалы білімді өмір ұстанымы санаған ғалым, қоғам қайраткері Зұлқарнай Алдамжар артына өшпес із, рухани бай мұра қалдырды. Жыл сайын академик атындағы университетте “Алдамжар оқулары” атты ғылыми - тәжірибелік конференция өтеді. Бұл қалыптасқан игі дәстүр биыл да жалғасын тапты. Бірақ, бұл жолғы ғылыми мәжілістің жөні бөлек. Өйткені, Зұлқарнай Алдамжардың 80 жылдық мерейтойына бағышталған. Онда, отандық және шетелдік ғалымдар студенттерге сапалы білім берудің жолын талқылап, тәжірибе бөлісті.

«Алдамжар оқулары» университетте дәстүрге айналған ғылыми - тәжірибелік конференция.   Оған Ресей мен еліміздің  әр аймағынан келген  ғалымдар, профессорлар және  оқытушылар мен студенттер қатысты. Деңгейі жоғары жиында академиктің ғылыми жетістіктері, ағартушылық жолындағы еңбегі айтылды.

Зұлқарнай Алдамжар – ғұмырын ғылымға, білімге арнаған ұлы тұлға. Жас мамандардың сапалы білім алуына  сүбелі үлес қосқан еді. «Парасат» орденінінің иегері,   Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Ал, 1993 жылы АҚШ-тың Техас штатының құрметті азаматы атанды. Алаштың арысы Ахмет Байтұрсынұлының есімін жаңғыртудағы да еңбегі орасан деп бағалайды замандастары. Академик негізін қалаған  Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті бүгінде облыстағы іргелі, беделді жоғары оқу орындарының бірі. Оқу ордасының ұжымы нарық заманына сай  білікті кадрларды даярлауға ден қойған.  Материалдық – техникалық базасы жыл сайын нығайып келеді. 

Конференцияда білім беру саласындағы салмақты мәселелер талқыланды. Студенттер келген қонақтарға  көкейдегі сауалдарын қойды. Ғалымдар оқытушылармен тәжірибе бөлісті.   Зұлқарнай Алдамжардың есімі ұлт жадында. Оған мына жыл сайынғы өтетін «Алдамжар оқулары» атты ғылыми – тәжірибелік конференция дәлел. Ұлы тұлғаның  мерейтойына арналған жиындар  облыс көлемінде әлі де жалғасын таппақ.  Өскелең ұрпаққа арналған  тағылымдық және тәрбиелік мәні зор іс шаралар өткізу жоспарланған.

Тақырып бойынша материалдар

100 ЖАҢА ЕСІМ: БОЛАШАҒЫ БАЯНДЫ БІРЕГЕЙ ЖОБА
13:00, 17 қазан 2018
100 ЖАҢА ЕСІМ: БОЛАШАҒЫ БАЯНДЫ БІРЕГЕЙ ЖОБА
Толығырақ...
«ҒАСЫРЛАР ПЕРНЕСІ» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
20:45, 12 қазан 2018
«ҒАСЫРЛАР ПЕРНЕСІ» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖАПОНДЫҚ ФУКИ ЯГИ: «MEN QAZAQPYN» ЖОБАСЫН АЛДЫМЕН ҒАЛАМТОРДАН ТАМАШАЛАДЫМ
17:00, 11 қазан 2018
ЖАПОНДЫҚ ФУКИ ЯГИ: «MEN QAZAQPYN» ЖОБАСЫН АЛДЫМЕН ҒАЛАМТОРДА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
13:12, 15 қазан 2018
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Толығырақ...
«ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫНДА!» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
20:37, 15 қазан 2018
«ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫНДА!» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...