ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

АҚЫНДЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

20:56, 9 қыркүйек 2019

«Сосновый бор» шипажайында елімізге белгілі ақын, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, Қазақстанның және КСРО жазушылары мен журналистері одағының мүшесі Жарасбай Нұрқановты еске алу кеші өтті. Кешке қатысушылар ақынның жүрекжарды өлеңдерімен танысып, рухани іс-шараның куәсі болды.

Жарасбай Нұрқанов 1937 жылдың 22 наурызында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданына қарасты Көктерек ауылында дүниеге келген. Журналис-ақынның еңбектері өзіне ғана тән тақырыптық, жанрлық, стильдік даралығымен, ерекше сөз нақышымен ерекшеленеді.  Кеш барысында дүйім көрермен ақын өлеңдерін ерекше ықыласпен тыңдады.

Кештің бастамашысы болған ақынның жары - Қазина Нұрқанова. Ол ұзақ жылдар бойы Қазақ радиосы мен газет, баспаларында жұмыс істеген. Қазір зейнеткер жасында болса да, ақынның артында қалған шы­ғар­маларын кеңінен насихаттап, кейінгі ұрпақтың есінде мәңгі қалдыру мақсатында ұлағатты іс тындырып жүр. 

Ақынның журналистика саласындағы еңбегін былай қойғанда,  әр жылдары жарық көрген  «Алтын десте», «Арманым менің», «Нұрлы терезе», «Көкжиек» және т.б. онға жуық өлеңдер мен поэмалар жинағын да атап өту керек. Халқымызға қалаулы, елімізге елеулі азаматтарды көпшілік әсте ұмытпақ емес.

Гүлсезім Ақтас

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...