ШҰҒЫЛ! Ауданның аты өзгереді Толығырақ

«А.БАЙТҰРСЫНОВ ІЗІМЕН» ҒЫЛЫМИ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

18:12, 11 сәуір 2019

«А.Байтұрсынов ізімен». «Орынбор кезеңі» атты ғылыми-зерттеу экспедициясы Ресейдің Орынбор қаласына барып келді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған жұмыстардың нәтижесі Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жария етілді.

Экспедиция барысында Орынбор мемлекеттік педагогика университеті Ресей тарихы кафедрасының доценті, «Оренбурский путь Ахмета Байтурсунова» кітабының авторы Татьяна Тугаймен бірге ұлт ұстазының Орынбордағы табаны тиген тарихи жерлерді аралады. Аталмыш экспедицияның жетекшісі  филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадықовтың айтуынша, бұл тек бастамасы ғана. Алдағы уақытта өзге де өңірлерге бару жоспарда бар дейді ол.

Сондай-ақ, Орынбор облыстық архивінде болып және Сәуле Тәйкешева басқаратын халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мүшелерімен, Орынбор мемлекеттік педагогика университеті ғалымдарымен, қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Осының барлығы бейнетаспаға түсіріліп, деректі фильм ретінде шықты.

1 аптаға  ұласқан ұлағатты шарада ұлы дала тұлғаларың бірі ұлықталды, ұлттық сипатқа ие құндылықтар үгіттелді. Экспедиция мүшелері құнды дерктерді жаңғыртып, ұрпақ жадына тың серпін берді. Осылай, Ахмет Байтұрсыновтың ізімен жүріп, аңыз бен ақиқаттың аражігін ажыратқан.

Тақырып бойынша материалдар

САБАНТОЙ – ЕҢБЕК ПЕН ДОСТЫҚ МЕРЕКЕСІ
20:34, 17 маусым 2019
САБАНТОЙ – ЕҢБЕК ПЕН ДОСТЫҚ МЕРЕКЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...