ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«АБАЙДЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ» БАЙҚАУЫ

20:51, 27 ақпан 2020

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Қостанайда "Абайдың рухани мұрасы" атты аймақтық байқау өтті. Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университет ұйымдастырған шараға оқу ордасының студенттері қатысты.

Университеттің 3-ші курс студенті Ерназар Есенгелді байқауға тыңғылықты дайындалып келген. Бала кезінен ұлы ақынның өлеңдері мен қарасөздерін жаттап өскен ол: «Абай жүрегімізде, Абай санамызда», дейді.  Ұлттық киім киіп, кемеңгер тұлғаның шығармашылығын барынша жеткізе білуге тырысты.

Байқауға қатысушылар бұл жолы тек Абайдың өлеңдерін оқып ғана қойған жоқ. Алдымен ғұлама ойшылдың өмір жолы мен шығармашылығына қатысты сауалдарға жауап берді. Ал ұйымдастырушылар, бұндай танымдық шаралар түрлі форматта, жыл көлемінде жүйелі түрде өтетін болады,-дейді.

Қазылар алқасы қатысушылардың көркем мәтінді таңдау және оқу шеберлігіне, қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтап, таза сөйлеуіне, ән орындау шеберлігіне, көрермендер алдында өзін-өзі ұстау мәдениетіне баса назар аударды. Үздік деп танылғандарға мақтау қағазы мен Абай Құнанбаевтың 4 томдық кітабы табыс етілді.  
 

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар