ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕШ

20:32, 4 наурыз 2020

Ресейдің Троицк қаласындағы қазақ мәдени орталығы Абайдың 175 жылдығына арналған танымдық кеш өткізді. Онда ұлы ақынның әндері орындалып, өлеңдері оқылды. Бір өкіншістісі ресейлік қандастарымыз орыс тілінде еркін көсіліп, ана тіліне келгенде кібіртіктеп жатты. Танымдық шараның тағылымы мен тәлімі туралы тілшіміз әңгімелейді.

Троицк қаласындағы қазақ мәдени орталығының Қазақстанда жарияланған Абай жылына өз үлестерін қосып, осындай шара ұйымдастыруы құптарлық іс. Жиналғандарға  ұлы ақынның өмірбаянынан, шығармашылығынан мағлұматтар беріп, өлең-жырларын оқыды.

Әрине ынта-ықластары көңіл қуантады. Тек бір әттегенайы, қазақ  балаларының өз тілдерінде бір-екі шумақ өлеңді ежелеп, әрең оқығандығы. Қазақстанның түбіндегі Троицк қаласында 5 мыңдай қандастарымыз  тұрады. Солардың балаларын айтпағанда, үлкендерінің өзі ана тілінен ажырап қалған.

Бұл қазақ тілі курсында оқитын балалар. Сабақ аптасына екі рет өткізіледі.Тіл үйренгісі келетіндер жоқ емес бар, бірақ бірең-сараң. Жергілікті қазақтар мектептерде ең болмағанда факультатив ретінде ашуды ниет еткен екен, әзірге жоғары жақтан қолдау таппай тұр.   

Бір байқағанымыз, Троицк қазақтарының ұлттық рухы мықты. Олар жаз мезгілі Абайдың 175 жылдығын кең көлемде атап өтеміз деп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...