ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ: ҚОСТАНАЙ МЕН РУДНЫЙҒА КІРІП-ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ Толығырақ

АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТІЛДІ

20:52, 29 қазан 2020

«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ. Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек» деген Ахмет Байтұрсынов. Баршамызға мәлім биыл ұлы ақынның туғанына 175 жыл. Осыған орай, әр түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірін бүгін «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы ұйымдастырды. Шара халықаралық деңгейде онлайн форматта өтті.

Екі күнге жоспарланған конференцияның басты мақсаты тек Абайдың шығармашылығын насихаттап, талдау ғана емес, оның бүгінгі таңдағы өзектілігін, шығармаларының заманмен сабақтастығын ескере отырып, қоғамдағы бар мәселелерді талқылау болып отыр. Ұйымдастырушылар бұл шараға бір жыл дайындалған және оған қатысуға ниет білдірушілердің көптігінен баяндамаларды іріктеуге тура келгенін айтады.

Абайдың шығармалары шет елдердің тілдеріне көптеп аударылуда. Алайда, алдымен бүгінгі қазақ жастары оның философиялық шығармаларымен танысып, сусындауы керек. Бүгінгі жиынға жиналған мамандар осындай пікірде.

Айта кетейік, халықаралық конференция ертең де жалғасын таппақ. Онда тақырыптық секциялық отырыстар өтеді деп жоспарлануда.

Гауһар Асанбек

Тақырып бойынша материалдар

ШЫҒЫС МӘДЕНИЕТІНІҢ І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ
20:58, 5 қараша 2020
ШЫҒЫС МӘДЕНИЕТІНІҢ І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛДАРДЫ ГАЗДАНДЫРУҒА БИЫЛ 3,32 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
20:34, 20 қараша 2020
АУЫЛДАРДЫ ГАЗДАНДЫРУҒА БИЫЛ 3,32 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН. СҮТ ӨНІМДЕРІ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА ИЕ
20:13, 19 қараша 2020
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН. СҮТ ӨНІМДЕРІ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА...
Толығырақ...