ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«АБАЙ» СПЕКТАКЛІ САХНАЛАНДЫ

20:12, 20 ақпан 2020

Ұлы ақынның 175 жылдығына тарту. Қостанайдағы «Шаңырақ» жастар театры Мұхтар Әуезовтің «Абай» спектаклін сахналады. Бұл өнер ұжымы осыдан 20 жыл бұрын Ахмет Байтұрсын атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінің жанынан құрылған. Сондықтан рөлдерді сомдайтын кәсіби актерлар емес, әртүрлі мамандықта білім алып жатқан студент жастар. Театр үйірмесіне барлығы 35 студент қатысады. Ал бүгінгі қойылымда соның 20-сы өнер көрсетті. Абай бейнесін сахналауға жас әртістер 4 ай дайындалған. Университет қабырғасындағы бүгінгі премьерманы қалың көрермен жылы қабылдады. Абай заманынан осы күнге дейін маңызын жоймаған қазақ қоғамындағы әлеуметтік тартыс кім-кімге де ой салады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУДА
20:47, 1 сәуір 2020
ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУД...
Толығырақ...