ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АБАЙ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

20:08, 5 ақпан 2020

Ұзынкөл ауданында мектеп оқушылары арасында Абай оқулары өтті. 40-тан астам ұл мен қыздың басын қосқан әдеби байқау, ұлы ақын Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына орай, сондай–ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау шартына сәйкес үміткерлер Абайдың білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын мәнерлеп оқып, Абайдың әндерін орындаудан тартысқа түсті. Аудан орталығының қатысушысы Дарья Райляну. Ол мұндай әдеби байқауға бірінші рет қатысып отыр. Дегенмен бойынан ешқандай толқу немесе қорқыныш байқалмайды.  Нақышына келтіріп тұрып оқыған өлеңдері қазылар алқасының көңілінен шықса керек, олар сайыскерге оң бағаларын берді. 

Байқаудың басты мақсаты – қазақ тілінің қолданысын кеңейту, ұлы Абайдың шығармаларын насихаттау арқылы қазақ мәдениеті, тілі мен әдебиетіне деген жастардың құштарлығын арттыру. Бұл әдеби байқауға басқа ұлт өкілдері де қатысып, Абайдың сөздеріне жазылған әндерді орындады. Әрине, елімізде тұрып жатқан қандай ұлт пен ұлыс болмасын, барлығы да  ұлы ақынның шығармашылығымен жақсы таныс. Сондықтан болса керек өз бағын сынаған әрбір жеткіншек әнді нақышына келтіріп, шын жүректен орындады.

Бұл байқауда оза шапқан көркемсөз шеберлері облыстық додаға жолдама алмақ. Енді олар Ұзынкөл ауданының намысын қорғайтын болады.

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...