ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

АБАЙ – ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ ҰСТАЗЫ

20:56, 15 қаңтар 2020

Биыл ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуге арналған шаралар жер-жерде жүзеге асып жатыр. Дана ойшылдың мерейтойын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ аясында да мерекелеу жоспарланып отыр. Осы орайда Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын ұлықтау – тек ұрпақтың ғана емес ұлттың парызы, - дейді ұстаздар қауымы.

Ұлы ойшыл Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған. Ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысты. Өмірдің түпкі мәні неде? Барлық тіршілік иелері тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының олардан айырмашылығы қандай? Ол өзінің пәлсапалық шығармаларында адамзаттың өмір сүру мақсатын, мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысын, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.

Батыстың өркениеті мен философиясы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани жағынан өсуіне айтарлықтай әсер етті. Ол Батыс пен Шығыс мәдениеттерін шебер ұштастыра білді. Абайдың іргелі еңбектерінің бірегейі – қара сөздері. Олардың бірнешеуі алғаш рет 1918-ші жылы Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Артынан Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз және тағы басқа әлемнің көптеген тіліне аударылды.

Абайдың айтуынша, жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, адамның іс-әрекетінде де кемшілік көп болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, түзу өмір сүре алады. Адам баласының бақыты жүрек тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді.

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...