ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

20:46, 21 мамыр 2020

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні 2013-ші жылы ҚР Президентінің жарғысымен бекітілген болатын. Содан бері бұл мереке жоғары деңгейде аталып өтіп жүр. Қоғам үшін мәдениет саласының халықты біріктіруші рөлі қашанда маңызды. Осы күні облыс бойынша 3 мыңға жуық өнер және мәдениет қызметкері еңбек етеді. Ал Қостанай ауданында қанша? Жауабын тілші репортажынан білейік.

Мәдениет пен өнер өкілдері әдетте, төл мерекелерін тойға айналдырушы еді. Биыл ол жоспар жүзеге аспады. Карантин режиміне байланысты көрермен қауымға қуаныш сыйлай алмады. Алайда, сала мамандарының қызметі қандай жағдай болса да жалғаса береді. Оған «Алтын дән» мәдениет үйінде қызып жатқан дайындық жұмыстары дәлел. Мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі жеткізгендей, қашықтан жұмыс істеу қиын. Вокал үшін мұндай талаптар жат. Дегенмен, шыдау тұрудан басқа шара жоқ. Бұл уақытша қойылған шектеулер құр әншілер үшін ғана емес, мәдениет үйіндегі барлық үйірмелерге ортақ. Осы күні өнер ордасында қанша қызметкер еңбек етеді. Жауапты маман мәлімдесін«Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі биік, рухы асқақ. Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі саласы. Осы екеуі қатар өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды», - деген болатын Елбасы. Ендеше, мереке иелері, ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына талмай қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіздер!

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНАН «ЖАҚСЫЛЫҚ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛЕДІ
09:15, 3 тамыз 2020
«QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНАН «ЖАҚСЫЛЫҚ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨ...
Толығырақ...