ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

18 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙ КҮНІ

20:22, 18 мамыр 2020

Жыл сайын 18 мамыр күні дүние жүзінің мәдени қауымдастығы Халықаралық мұражайлар күнін атап өтеді. Адамзаттық мәдениет пен ұлттық құндылықтарды сақтаушылар мен насихаттаушылардың бұл кәсіби мерекесі 1977 жылы Халықаралық мұражайлар кеңесінің Бас конференциясында бекітілген болатын.

Бұл Қостанай облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мұражайы. Ведомство қызметкерлерінің рухани сусындайтын қара шаңырағы. Департамент пен оның бағынышты бөлімшелерінің тарихы, осы салада қызмет істеген тұлғалар, қол жеткізген жетістіктері жиналған мұнда. Жас мамандар тарихи кезеңдер туралы мәлімет алады, оларға әдістемелік көмек көрсетіледі.Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, экспонаттар екі кезеңге бөлінген. Біріншісінде, Екінші дүниежүзілік соғыста от кешкен бұрынғы жауынгерлер, кейінгі қызметкерлер жайлы мағлұматтар жинақталған. Арнайы стендтерде олардың марапаттары, жеке заттары мен тұтынған заттары мұражай келушілерінің назарына ұсынылған. Екінші кезең, департаменттің бүгіні мен ертеңіне арналған. Онда тарихы, жеке бөлімдердің қол жеткізген жетістіктері, қызметкерлердің қолынан шыққан бұйымдар топтастырылған. Бұл ведомстволық мұражай келушілердің шағын тобын ғана қызықтыратын сияқты болып көрінеді, ал іс жүзінде мүлдем олай емес. Барлық жәдігерлер – жаңа уақыттың, ішкі істер органдары қызметінің ашықтығының айқын бейнесі іспетті. Мұражайда ұқыптылықпен жиналған жәдігерлер еліміздің өткерген жылдары және бүгінгісі туралы ой салады. Жастарды Отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеуде де ықпалы зор екені даусыз.

 

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНАН «ЖАҚСЫЛЫҚ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛЕДІ
09:15, 3 тамыз 2020
«QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНАН «ЖАҚСЫЛЫҚ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨ...
Толығырақ...