ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

20:40, 29 қараша 2019

Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан ширек ғасырдан астам уақыт ішінде еліміз күллі әлем танып, мойындаған еңселі мемлекетке айналды. Елбасы халықты орасан зор істерге жұмылдырды, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісінде әлем үлгі аларлық саясат ұстанды. Еліміздің сыртқы саяси бағытын дәл нұсқап, тұңғыш рет қазақ мемлекетінің шекарасын айқындады, төрткүл дүниеге тең терезелі ел ретінде мойындатты. 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне арналған салтанатты жиында өңір басшысы осылай деді. Шара барысында еліміздің гүлденуіне үлес қосып жүрген жастар марапатталып, Қостанай облысының «Алтын кітабы» жаңа есімдермен толықты. Сол сияқты, грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатында қола жүлде иегері атанған қостанайлық балуан Темірлан Шадукаевқа 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамаларының арқасында халықаралық аренада еліміздің беделі айтарлықтай артты. Қазақ елі биыл талай белестерді бағындырып, толағай жетістіктерге жетті. Бұның бәрі Елбасымыздың салиқалы саясатын жемісі деді қостанайлықтарды маңызды мерекемен құттықтаған облыс әкімі.

Елдің ертеңі, келешектің кепілі саналатын жастарды қолдау шаралары өңірімізде жыл санап артып келеді. Шара барысында грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатында қола жүлде иегері атанған қостанайлық балуан Темірлан Шадукаевқа 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

Аймағымызда жастар саясаты мен олардың білім алуы, кәсіби маман ретінде қалып­тасуы мәселелеріне үлкен мән беріліп отыр. Оған дәлел ретінде «Серпін», «Жас кәсіпкер», «Жаса», «Дипломмен – ауылға!», 10 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Жастар кадрлық резерві» секілді бірнеше бағдарламаны келтіруге болады. Жиын барысында биыл қолға алынған жобалардың біразы қорытындыланып, нәтижесі сараланды. Жастар жылында студенттердің жатақхана мәселесінен бөлек, 29 жасқа дейінгі жас отбасылардың баспана мәселесі шешімін тапқандай. Биыл өңірімізде 590 жас отбасы баспаналы болды, оның 101-і көпбалалы жас отбасылар болса, 118-і медицина мамандары.

2005-ші жылдан бастап 189 есім енген, аймақ жастарының алтын шежіресіне биыл тыңнан тағы 11 адам тіркелді. Жаңа жыл жақындағанда жергілікті жеңімпаз жастардың басын қосып, олардың жыл бойы атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктерін жалпақ жұртқа жариялау – бізге зор күш-қуат берді дейді жастар.

Жаңашыл жастар – ел болашағы. Алтын шежіреге есімі енген жеңімпаз жастардың қатарында «Қостанай» телеарнасының тілшісі, әрі бірнеше жобаның авторы Маргарита Иванова да бар.

Елбасы саясаты – ел ырысы. Еліміздің халықаралық аренадағы орны мемлекет мерейі артқанының тағы бір көрінісі. Шара барысында, елдің дамуына сүбелі үлес қосқан түрлі сала өкілдері марапатталды. Осылайша, астықты алқапта Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шара өз деңгейінде ұйымдастырылды. Ел болып тойлаған ұлық мерекенің көрігін жергілікті өнерпаздар ерекше қыздырды.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...