ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ЖЕҢГЕТАЙЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

20:47, 8 қаңтар 2019

Облыста жеңгетайлықпен айналысуға қатысты бірнеше қылмыс әшкереленді. Арнайы жүргізілген алдын алу шарасы барысында, аталмыш деректер Қостанай және Рудный қалаларында тіркелген. Адам тәнін саудалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыс орталығында орналасқан тай массаж салоны бұған дейін де күдік тудырған. Арнайы жүргізілген жедел алдын алу шарасы тәртіп сақшыларының бұл күдігін растады. Ол жерде емдік емес, өзге қызмет түрі көрсетілетіні әшкере болды. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, жеңіл жүрісті бикештер ордасын екі жеңгетай басқарып келген.  

Сондай-ақ, Рудный қаласында да дәл осындай себеппен дәл осындай салондардың бірі жабылды. Тәнін саудалған қыздар тіркеуге тұрғызылып, үйлеріне жіберілді. Аталмыш фактіге қатысты қазір тергеу амалдары жүргізілуде. 

2018-ші жылы жалпы Қостанай аумағында, осындай 3 факті тіркелген. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері заң алдында жауап беретін болады.  

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА 4 МЫҢНАН АСТАМ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
20:38, 6 наурыз 2019
ҚОСТАНАЙДА 4 МЫҢНАН АСТАМ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
18:08, 20 наурыз 2019
Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
Толығырақ...
Ә.БЕКМАҒАМБЕТОВ: ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАДЫ
13:00, 20 наурыз 2019
Ә.БЕКМАҒАМБЕТОВ: ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ НЕГІЗІН...
Толығырақ...