ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ЖАРЫҚ ПЕН ЖЫЛУ ТАРИФІНЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢСЫЗДЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

20:34, 8 қараша 2018

Қостанай прокуратурасы 1 қыркүйектен бастап жарық және жылу жүйесінің тарифін төмендетті. Аталған ведомство коммуналдық ұйымдарда тексеріс жүргізіп, бірқатар заңсыздықтарды анықтады. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы жылу тарифіне құрылғыларға жұмсалатын шығындар мен жөндеу жұмыстарына кеткен қаражатты негізсіз қосып жіберген. Сонымен қатар «Қостанай энергоорталығы» электр энергиясын беру шығындарын заңсыз өсірген. Құзырлы орган тексерісінен кейін жылу тарифі 1 Гкалға 6844,13 теңгеге дейін төмендетілді. Бұл бұрынғыдан 12 теңгеге аз. Сондай-ақ 300-ге жуық абоненттің жарық жүйесіне төленген қаржысы қайта есептелді. Енді қостанайлықтар электр энергиясының 1 киловатына 18 теңге төлейді.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА 4 МЫҢНАН АСТАМ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
20:38, 6 наурыз 2019
ҚОСТАНАЙДА 4 МЫҢНАН АСТАМ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар