ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ Толығырақ

ҰРЫ БАНКИР ҰСТАЛДЫ

20:47, 21 қараша 2019

Ақша ұрлап шекара асқан банкир Ресейдің Челябі қаласында қолға түсті. Отандық банктердің бірінің Жітіқара аудандық филиалы директоры осындай күдікке іліккенін өткен хабарымызда айтқанбыз. Ол 205 мың еуроны өзіне сеніп тапсырылған банк бөлімшесінің кассасынан жымқырған. Челябі қаласында ресейлік әріптестерінің көмегімен полиция жедел іздестіру шараларын жүргізді. Соның нәтижесінде 20 қараша күні күдікті ұсталды. Бастапқыда ұрлық болғаны анықталғанша тәулікке жуық уақыт өткен. Сол себепті күдікті шекараны еш кедергісіз кесіп өтіпті.

Айта кетейік, күдікті қолға түскен кезде, одан 58 млн теңге табылған. Қалғанын несиелерді жабуға жұмсағанын айтыпты. Сөзінше, өз жеке басының және туысқандарының, барлығын қосқанда 8 несиесі бар екен.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА «ЖАЛҒАН ФУТБОЛШЫЛАР» АНЫҚТАЛДЫ
20:39, 5 желтоқсан 2019
ҚОСТАНАЙДА «ЖАЛҒАН ФУТБОЛШЫЛАР» АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҮШІН ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
20:34, 20 қараша 2019
ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҮШІН ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
АЛАЯҚТАР 50 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ЖҮГІН ИЕМДЕНІП КЕТКЕН
20:49, 14 қараша 2019
АЛАЯҚТАР 50 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ЖҮГІН ИЕМДЕНІП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
20:25, 5 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...