ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

Ұрлық фактілері жиілеген

20:37, 10 қазан 2017

Өңірде ұрлық фактілері жиілеген. Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел алдын алу шарасы барысында осындай жүздеген қылмыстың беті ашылды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазір ұрылар шағын сауда нүктелерінен азық-түлік жымқыруды жиілеткен. Осындай оқиға Рудный қаласында тіркелді. Дүкен сөресінен 10 құты сыра мен темекі салынған пакетті жұлып алып, ізін суытпақшы болған азамат, сол жерден өтіп бара жатқан құқық қорғаушының құрығына іліксе, Таран ауданында да дүкеннен азық-түлікті қолды қылмақ болған жергілікті тұрғын алысқа ұзай алмады. Сондай-ақ, Рудныйда туберкулезге қарсы диспансердің емделушілері күзетшіні ұрып-соғып, оның «LG» маркалы ұялы телефоны мен 43 мың теңгесін тартып алған. Тәртіп сақшылары күдіктілерді Қостанай қаласы мен Таран ауданынан ұстаған. Ұрланған заттар иесіне қайтарылды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН  АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
09:00, 11 шілде 2018
ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН АСТАН...
Толығырақ...
К. ӘБДІРАХМАНОВА  «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
09:26, 12 шілде 2018
К. ӘБДІРАХМАНОВА «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
Толығырақ...