ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Толығырақ

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ТЕГЕУРІНДІ КҮРЕС

20:40, 15 мамыр 2018

Елімізде телефон лаңкестеріне қарсы қолданылатын жаза күшейтілсе де, бұзақылар саны азаймай отыр. Полицейлердің айтуынша, Қостанай облысында да осындай фактілер көбейген. Көбі ішімдік ішіп алып осындай әрекеттерге барады. Алайда, бұндай телефон лаңкестерін анықтау қазір қиын емес, дейді тәртіп сақшылары. Соңғы дерек осыдан бір-екі күн бұрын Қостанай ауданында тағы тіркелді. Көп ұзамай оның кім екені де әшкере болды. Қолға түскен азамат енді 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстанда террористік сипаттағы қылмыстардың кеңінен тараған түрі – терроризм актілері туралы жалған хабарламалар. Мұндай хабарламалар азаматтардың өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп тудыру үшін емес, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке залалын тигізу, адамдарға психологиялық қолайсыздық, қорқыныш сезімін ұялату мақсатында жасалады. Жалған ақпарат таратып, дүйім жұртты әбігерге салатын террористердің артынан анықталып, қатаң жазаланатынын көпшілік біле бермейді.

Ішімдікке сылқия тойып алған Затобол тұрғыны: «аудан орталығындағы мекемелердің біріне жарылғыш зат қойылды»,- деп, тәртіп сақшыларын  аяғынан тік тұрғызады. Хабар түсісімен оның айтқан жеріне дереу жеткен шұғыл топ, алайда ақпараттың жалған екендігін анықтаған. Телефон лаңкесі осылайша көңіл көтермек болыпты. Бірақ, ойыннан от шығатынын ұмыт қалдырған. Енді оны қатаң жаза күтіп тұр.

Елді дүрліктірген бұндай бұзақылар соңғы кезде тағы көбейіп кетті. Жалған хабар таратушылармен күресті күшейту мақсатында, қолданыстағы заң қатаңдатылды. Бұдан былай, телефон лаңкестері ауыр қылмыс жасағандар санатына жатқызылып, 6-жыл бас бостандығынан айырылады сондай ақ,  ірі көлемде оларға айыппұл салынады.  Соңғы екі жылда 25 факті әшкере болды.

Соңғы уақытта, кәмелетке толмағандар, әсіресе, мектеп оқушылары мен студенттер көбінесе қойылған «бомбалар» туралы жалған хабарлама бере отырып, «қалжыңдауды» әдетке айналдыруда. Жасөспірімдермен жалған хабар таратудың 5 дерегі тіркелді. Жалпы, келтірілген шығын 4 млн теңгеге жуық. Полицейлер кезекті рет ескертеді, бұндай фактілер көрініс табатын болса, тәртіпбұзушы жазадан құтылмайды. Заманауи жабдықтардың көмегімен қазір жалған қоңырау шалушыларды қолға түсіру қиын емес. 

Тақырып бойынша материалдар

МЕҢДІҚАРА АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІНІҢ ҒИМАРАТЫНА БЕЛГІСІЗ БІРЕУЛЕР ОҚ АТҚАН
18:14, 17 қазан 2018
МЕҢДІҚАРА АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІНІҢ ҒИМАРАТЫНА БЕЛГІСІЗ...
Толығырақ...
ҒАЛАМТОР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫС САНЫ АРТҚАН
20:40, 16 қазан 2018
ҒАЛАМТОР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫС САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
13:12, 15 қазан 2018
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:30, 15 қазан 2018
ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...