ШҰҒЫЛ! АҚПАННАН БАСТАП ЖАРЫҚ ҚҰНЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ Толығырақ

СОТ ШЕШІМІ: АҚАУ ШЫҚҚАН АТТРАКЦИОН БҰЗЫЛАДЫ

20:13, 13 қаңтар 2020

Рудный қаласында жаңадан салынған «Шолу дөңгелегі» атракционының жұмысы сот шешімі бойынша тоқтатылды. Осыған орай аталмыш нысан 3 ай аралығында бөлшектеліп, жойылатын болды.

Бүгін Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Рудный қаласы тұтынушылар құқығын қорғау орталығы» мемлекеттік мекемесінің Рудный қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі, Рудный қаласы әкімінің аппараты, Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, «АлатауГорСтрой» ЖШС, «Elite Expert», «Рэтро-2» ұйымдарына қатысты талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Арыз беруші тарап Рудный қаласындағы «Шолу дөңгелегі» аттракционын пайдалануға тыйым салуды өтінген. Бұған дейінгі сот шешімі бойынша сот аталған аттракционды пайдалануды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта тиісті сот сараптамаларын тағайындау мәселесі толығымен аяқталды.

Еске салсақ, Рудный қаласының тұрғыны шолу дөңгелегінің дұрыс айналмай тұрғанына шағымданып, әлеуметтік желілерге бейнежазба жүктеген болатын. Алайда, «АлатауГорСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілі Александр Кореневтің сөзінше, шолу дөңгелегі пайдалануға берілген уақытта ақаусыз жұмыс істеген. Атышулы аттракцион тұрғызу төңірегінде жемқорлық әрекеттеріне де жол берілген деген мәлімет келтірді мамандар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

12 ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
20:10, 23 қаңтар 2020
12 ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ
20:35, 22 қаңтар 2020
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ
Толығырақ...