ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

МІНДЕТІН ОРЫНДАП – МЕРТ БОЛДЫ

20:22, 20 қаңтар 2020

Қостанай облысында полиция сержанты бір отбасыны ажалдан арашалап, өзі мерт болды. Оқиға Тобыл қаласында болған. Ішімдікке сылқия тойып, туысқандарына пышақ ала жүгірген бұзақыны, шақырумен жеткен полицейлер заласыздандырыпты. Алайда қылмыскермен қақтығыс кезінде тәртіп сақшыларының бірі абайсызда ауыр жарақаттанған. Дәуренбек Әбдібек оқиға орнында болды.

Дәуренбек Әбдібек тілші Мына тұрған Тобыл қаласының Комсомол көшесіндегі 59 үй. Оқиға тап осы жерде болған. Қолында жалаңадаған пышағы бар бұзақыны залалсыздандырып, полиция сержанты үш адамды ажалдан арашалап қалды. Алайда өз өмірін құрбан етті. Қапыда кетті. Бұзақының кеуде тұсынан сұққан пышағы қақ жүрекке тиіпті.

28 жастағы Тобыл қаласының тұрғыны түн ішінде қабырғалас көрші тұратын қарындасының үйіне келіп ішімдік ішеді.  Біраздасын «Тым кеш болды, үйіңе қайт» деген күйеу баласының ескертуі шамына тиіп шатақ шығарған.

Бұзақының үйіне кіргенін пайдаланып жәбірленуші әйелі және анасымен бірге оның есігін сыртынан бекітеді. Сосын полиция шақырады. Жақын жерде жүрген сержанттар Дархан Базарбаев пен Аманкелді Сыздықов 6 минутта жеткен. Бірінші болып Дархан Базарбаев есікті ашып, резеңке таяқпен ұрып бұзақының қолындағы пышағын ұшырып жібереді. Екеулеп жерге жығып, қолына кісен салады.  Алайда есік ашылған сәтте бұзақы Базарбаевтың кеуде тұсына пышақ сұғып үлгеріпті. Осы жерде өмірін қатерге тіккенше полиция тапаншаны неге қолданбады деген сауал туады.

24 жастағы сержант жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмған. Артында ата –анасы, жұбайы және төрт айлық ұлы қалды. Ал оның өмірін қиған бұзақының үстінен ҚР ҚК-нің 99 бабы 2 тармағы бойынша іс қозғалып, қамауға алынды. Енді ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қостанай облысында тәуелсіздік жылдары 50 полиция қызметкері міндетін атқару барысында қаза тауыпты. Соның 13-і қылмыскерлердің қолынан мерт болған.

 

Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

ВАГОНДАРДЫ ТОНАҒАН ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
20:41, 27 ақпан 2020
ВАГОНДАРДЫ ТОНАҒАН ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕКІ МҮГЕДЕК ӘЙЕЛДІ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
20:26, 24 ақпан 2020
ЕКІ МҮГЕДЕК ӘЙЕЛДІ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...