ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

МАЛ ЖАЙЫЛЫМЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

20:41, 14 қазан 2020

Қостанай облыстық мәслихат депутаттары ауыл шаруашылығы жануарларын бағуға қатысты жаңа ережелер қабылдады. Енді полиция мал жаю ережелерін бұзған түлік иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы. Оларға бұдан былай 3 есептік көрсеткішке дейін мөлшерде айыппұл салынады.

Полицейлердің айтуынша, мал ұрлығының басым бөлігі нақ осы қараусыз жайылу салдарынан болады. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары ұрылар олжасына айнала жаздаған 114 жануарды иелеріне қайтарған. Биыл облыста бас-аяғы мал ұрлығына қатысты 145 дерек тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе аз көрінеді. Ал аса ірі шығынға соқтырған мал ұрлығы деректері 60%-ға төмендепті. Енді жаңа ережеге сәйкес, "қаңғыбас" жануарлар әр ауылдық округтегі арнайы кардтарға орналастырылады. Бұл ережелер осы жылдың 16 қазанынан бастап қолданысқа енеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫС БОЙЫНША 31 ІС ҚОЗҒАЛДЫ
20:42, 14 қазан 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫС БОЙЫНША 31 ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...
ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН 12 МЛН. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ
20:55, 13 қазан 2020
ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН 12 МЛН. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...