ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН Толығырақ

МАЛ ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

20:03, 22 шілде 2019

Жітіқара ауданында 13 бас бұзауды қолды қылған қылмыскерлер ұсталды. Шығын көлемі 2 миллион теңгеден асып жығылады.

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Жітіқара ауданының 20 және 39 жастағы тұрғыны, сондай-ақ Лисаков қаласының азаматы ұсталды. Қылмыскерлер зымиян әрекеттерін алдын ала әзірлеген боп шықты. Күзет бөліміндегі малшынының қол аяғын  байлап тастап,  қорадағы 13 бас бұзауды айдап әкетікен. Ұрланған мал  Бейібет Майлин ауданына қарасты Валерьянов елді мекеніне жеткізілген. Күдіктілер қылмыстық  әрекеттерін беттерін бүркеп жүзеге асырған. Алайда,  арам ойлары іске аспады.  Екі күнен соң олар құрықталып, ұрланған мал иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.  

Тақырып бойынша материалдар

АЯЛДАМАНЫ ҚИРАТҚАНДАР ІЗДЕСТІРІЛІП ЖАТЫР
20:26, 14 қаңтар 2020
АЯЛДАМАНЫ ҚИРАТҚАНДАР ІЗДЕСТІРІЛІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар