ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗА: АДАМДАРДЫ ҚҰЛДЫҚТА ҰСТАҒАНДАР СОТТАЛДЫ

20:38, 5 наурыз 2020

Қостанайда атышулы Тимур Алатаевқа қатысты іске соңғы нүкте қойылды. Әңгіме, ер адамды шынжырға байлап ұстап, кейін өлтіріп тастаған мейрамхана қожайыны туралы. Сот оны кінәлі деп тауып, 17 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ал оның екі сыбайласының бірі 14, екіншісі 3 жылын абақтыда өткізеді.

Естеріңізге салайық, бұл сұмдық оқиға 2016 жылы болған. Меңдіқара ауданындағы жол бойындағы шатхана қожайыны Тимур Алатаев екі сыбайласымен бірге бірнеше жыл бойы адамдарды құлдықта ұстаған. Тегін жұмыс істетіп, ұрып-соққан. Құжаттарын тартып алып, бір ер кісіні отын қоймасында шынжырға байлап қойған. Кейін, оны лас қолымен тамақ жегені үшін өлтіріп тастайды. Қылмыстың ізін жасырмақ болып, мәйітті жағып жібереді.

Қорлыққа шыдамаған шатхананың екі жұмысшысы қашып кетпек те болыпты. Алайда, қолы ұзын Алатаев олар мінген такси жүргізушісіне қоңырау шалып, қорқытып, кері қайтарып алады. Ақша ұрладыңдар деп, оларды тегін жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Бұл қылмыстар тек 3 жылдан кейін ғана әшкереленді. Барлық жәбір көргендердің тек 3-і ғана полицияға шағымданған.  

Меңдіқара ауданында болған оқиғаға қатысты істі облыстық сот тергеді. Бүгін соңғы нүктесін қойып, үкім шығарды.  «Караван» шатханасының қожайыны 42 жастағы Тимур Алатаев 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Евдокимов 14, Абулхаев 3 жылға абақтыға қамалды.

Тақырып бойынша материалдар

«КӨШЕ ПАРТИЯСЫ» ҚОЗҒАЛЫСЫ ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ ДЕП ТАНЫЛДЫ
20:41, 21 мамыр 2020
«КӨШЕ ПАРТИЯСЫ» ҚОЗҒАЛЫСЫ ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ ДЕП ТАНЫЛДЫ
Толығырақ...
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛМАСУ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
20:48, 20 мамыр 2020
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛМАСУ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...