ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОНАҚ ҮЙ ЖӘНЕ 20 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ Толығырақ

Кісі өлімімен аяқталған ұрлық

13:17, 6 қараша 2017

Ескі теледидар, ұялы телефон және 300 мың теңге ақша. Қылмыскерлер үшін кісі өмірінің құны осы болса керек. Қалалық сотта 64 жасар азаматты өлтірген үш қала тұрғынына қатысты іс қаралуда.

Оқиға тіркелген уақытта болған жағдайларды айыпталушы Оксана Дорожкина сот отырысында түгел баяндап берді. Ол өзінің ұрлық жасағанын мойындап, кісі өліміне қатысы жоқ екенін айтты. Айыптының бұл бірінші рет жауапқа тартылуы емес, осыған дейін оның 10 рет ұрлық жасағаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары дәлелдегендей, қарақшылардың тек ішімдік ішіп қана қоймай, есірткі тұтынғандары да анықталды. Айыпталушы азаматшаның айтуынша, қасындағы күдіктілер жәбірленушіні соққыға жыққан. Сол уақытта Оксана үйдің ішін тінтіп, ақша іздей бастаған. Заңсыз әрекетке баруға ер азаматтардың итермелегенін де жеткізді өз кінәсін мойындаған Дорожкина. Алайда, қос күдікті бұл қылмыстарын мойындамай отыр. Кімнің пәтерге от қойып, үй иесін пышақтағаны әлі анықталмады. Сот процесінің нәтижесін  толығырақ біздің арнада «112» хабарынан біле аласыздар.       

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ҚАЗА БОЛДЫ
20:43, 23 сәуір 2018
ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ҚАЗА БОЛДЫ
Толығырақ...
700 ШЕТЕЛДІК АЗАМАТ КӨШІ - ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАН
13:05, 23 сәуір 2018
700 ШЕТЕЛДІК АЗАМАТ КӨШІ - ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАН
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРЕ БАСТАДЫ
20:35, 20 сәуір 2018
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРЕ БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар