ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АЛАЯҚТЫҚ ФАКТІЛЕРІ КӨБЕЙГЕН

20:11, 3 наурыз 2020

Абайлаңыз, интернет алаяқтары! Қостанайда ғаламтордағы алаяқтық фактілері жиілеген. Ең көп тараған түрі - көпке танымал "OLX" және "Колеса" сайттарында нарықтағы бағадан төмен сатылатын тауарлар туралы хабарландырулар. Онда жәбірленушілердің көбі танымайтын адамның шотына электрондық төлеу құралдары арқылы ақша аударып, алданып жатады. Сондықтан полицейлер, жеке және қаржы мәліметтерін құпия сақтауды ескертеді.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, интернет алаяқтығының көбі әлеуметтік желі мен түрлі жарнамалық сайттар арқылы сатылатын тауарлар мен қызмет түрлеріне қатысты. Жыл басынан бері облыста осындай 135 факті тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Есесіне, осындай қылмыстардың ашылуы 20 пайызға артқан.

Қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді әрекеттерге барады.  Полицейлер азаматтарға сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді.

Қостанай қаласының тұрғындарына полиция қызметкерлері интернеттегі әсіресе әлеуметтік желідегі спам смс хабарларына жауап бермеуге кеңес береді. Сондай-ақ, өзінің жеке басына қатысты мәліметтерді таратпауға, күдікті деген сайттарға жібермеу және онлайн сауда жасау барысында барынша ұқыптылықпен қарауды ескертеді. Ал егер де келеңсіз жағдайға тап болсаңыз, 102 нөміріне дереу қоңырау шалыңыз.

 

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

«КӨШЕ ПАРТИЯСЫ» ҚОЗҒАЛЫСЫ ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ ДЕП ТАНЫЛДЫ
20:41, 21 мамыр 2020
«КӨШЕ ПАРТИЯСЫ» ҚОЗҒАЛЫСЫ ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ ДЕП ТАНЫЛДЫ
Толығырақ...
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛМАСУ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
20:48, 20 мамыр 2020
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛМАСУ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...