ШҰҒЫЛ! Денсаулық сақтау саласы даму үстінде Толығырақ

102 ЕСКЕРТЕДІ: АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ!

18:16, 10 қаңтар 2019

Полицейлер кезекті рет ескертеді. Өңірде алаяқтық фактілері жиілеген. Әсіресе, ғаламтор арқылы алданғандардың саны азаймай отыр. Қостанайдың тәртіп сақшылары интернет арқылы қымбат ұялы телефонды сатып аламын деп, құрыққа түскен Рудный шаһары тұрғынының шағымы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Белгілі болғандай, алаяқ инстаграмм әлеуметтік желісі арқылы,  белгілі қазақстандық блогердің жеке парақшасына қымбат телефонды арзан, әрі бөліп-бөліп төлеп алуға болатындығы жөнінде жарнама берген. Кеншілер қаласының тұрғыны хабарламаны көріп, сатушымен  келісіп,  интернет – банкинг арқылы шотына 90 мың тенге аударған. Кейін, алаяқ ізін суытып,  телефонын өшіріп тастайды.  Тағы бір дерек облыс орталығында тіркелді.    Ватсапп мессенджері арқылы күдікті деп танылған азамат өзін спорт саласының білгірі деп таныстырып,  букмекерлік кеңседе ұтыс ойынында ірі көлемдегі табысқа кенелтем деп алдаған. Жәбірленуші,  10 мың теңге көлемінде ақша аударады. Алайда, кейінірек алданып қалғанын білген.  Полицейлер қырағылық танытуды сұрайды. Телефон арқылы алдын ала төлем жүргізу керектігін айтатын алаяқтар картаға, Киви әмиянға ақша жіберуді сұрайды. Төлем түсісімен, өзі де ізім-ғайым болады. Бұндай жағдайда, 102 нөміріне шұғыл хабарласу  керектігін ескертеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...