ШҰҒЫЛ! Жемқорлық фактілері азайған Толығырақ

Ширнина Виктория Владимировна

   Ширнина Виктория Владимировна, редактор-жүргізуші.

   1986 жылғы 3-сәуірде Қостанай облысы,Қостанай ауданы,Мичурин кентінде дүниеге келді.

1992 жылы  Мичурин орта  мектебіне оқуға қабылданып,оны 2003 жылы үздік бағамен аяқтап шықты. Сол жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне ,журналистика  мамандывғы бойынша оқуға түсті. Бұл оқу орнын 2008 жылы бітірді. 2004 жылдан бастап «Қазақстан-Қостанай»телекомпаниясына практикадан өтіп-тәжірибе жинақтауға келіп, 2005 жылдың  наурыз айынан бастап осы телекомпанияға жұмысқа қабылданды.

Телекомпаниядағы жұмыс барысында Астана,Қорған қалаларында іс-сапарда болды.Сайлау мен ОБСЕ-нің 7-саммиті.Азиада мен өзге де облыстық,республикалық іс-шараларды  насихаттауға ат салысты. 2007 жылы жастар арасындағы республикалық «Шабыт» шығармашылық байқауына қатынасты. 2008 жылы ҚР ТЖМ жұмысын насихаттауға арналған облыстық байқаудың жеңімпазы болды. 2009 жылы облыс БАҚ құралдары арасында «Мәдени мұра»номинациясы бойынша байқаудың жүлдегері атанды.

2010 жылы ҚР ӘМ жариялаған әділет қызметкерлері жұмысын насихаттауға арналған «Үздік видеоматериал» республикалық 1-байқауының жүлдегері болды. 2010 жылы   республикалық «Нұр сұңқар-2010»байқауының жүлдегері.

2015 жылдың маусым айынан бастап жаңалықтар қызметінде сюжеттер дайындап,кеңейтілген ,арнайы репортаждар әзірлеуде, сонымен қатар, «Қазақстан-Қостанай»телеарнасында тікелей эфирге шығатын «Бірінші студия»  бағдарламасының жүргізушісі.