ШҰҒЫЛ! Жемқорлық фактілері азайған Толығырақ

Папанина Айдана Аманжолқызы

  Папанина Айдана Аманжолқызы, редактор - жүргізуші.

   1993 жылы 27-қыркүйекте Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында дүниеге келді. Айдананың отбасы Арқалық қаласында тұрды, кейін 2000 жылы Қостанай қаласына көшіп келді.

  Қостанай қаласында  №10 мектепті тәмамдады. 2011 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне «Журналистика және коммуникациялық менеджмент» мамандығы бойынша оқуға түсті. Студент кезінде «Қазақстан-Қостанай» арнасында өндірістік тәжірибеден өтіп, «Перекус» айдарының жүргізушісі болды. 2015 жылы оқуды қызыл дипломмен аяқтады. 

   Қазір телеарнадағы жұмысын жалғастырып келеді. «Тобыл таңы» көңілашар-танымдық және жастарға арналған «00:00» жобасы мен «Дамафон» авторлық бағдарламасы, түрлі айдарлардың ( «Завтрак С Айданой», «Это интересно»)  жүргізушісі.