ШҰҒЫЛ! Маңызды мерекелерге дайындық қызу Толығырақ

Құдайбергенова Назгүл Қадырханқызы

  Құдайбергенова Назгүл Қадырханқызы, аға -редактор.

     1973 жылы 22 ақпанда Қостанай облысы Әулиекөл ауданында туған. 1989 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебін бітірді. Сол жылы Қостанай педагогикалық институтынының филология факультетіне түсіп, оны 1994 жылы аяқтап шықты.

1994-1995 жылдары Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы қазақ қыздар гимназиясына қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі боп орналасты. Бір жылдан соң елге оралып, «Қазақстан-Қостанай» (сол кездегі «Арна») телеарнасына қызметке қабылданды. Алғашқы жылдары «Жаңалықтар» жүргізушісі ( радио мен телеарнада қатар) одан соң жаңалықтар тілшісі болды.

Қазіргі уақытта «Жаңалықтардың» аға-редакторы. 2000 жылы Қостанай мемлекеттік университеті журналистика факультетін қызыл диломмен бітірді. Осы кезге дейін әр түрлі марапаттаулар иегері атанды.

Өз ісіне ұқыпты, жүктелген тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарайды, жұмысты мұқият орындауға тырысады. Мінезі жайдарлы, сабырлы, көпшілікпен ортақ тіл табыса алады. Мемлекеттік және орыс тілдеріне жетік. Компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол.  Кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай алады.